Өрт аумағы 150 шаршы метрді шарпыды.
Түркістан қаласында Тельман мөлтек ауданында орналасқан ЯССЫ қонақ үйі өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Жергілікті ТЖД-нің алдын ала мәліметінше өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебін мамандар анықтайтын болады.
"Шақыру сағат 11.01-де келіп түсті. Өрт сөндірушілер сағат 11.07-де жетті. Өрт аумағы 150 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккендер жоқ", - деп xабарлады облыс ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.
Айта кетейік, бұдан алдын да Түркістанда қонақүй өртеніп, 11 адам зардап шеккен болатын.