Ресейде Зеленскийге іздеу жарияланды

0
341


Ресейде Зеленскийге іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Ресей Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу жариялады, деп жазады sputnik.kz.

"Владимир Александрович Зеленский, 1978 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келген. Қылмыстық кодекстің бабы бойынша іздеу жарияланды", - деп жазылған РФ ІІМ-нің іздеу деректер базасында.
Украина басшысы қандай бап бойынша іздестіріліп жатқаны нақтыланбаған.
Мәліметтер базасында іздеуде жүрген адамның туған жері – Украинаның Днепропетровск облысы, Кривой Рог қаласы да көрсетілген.
Бөлісу