Татарстанда құрлықтағы астық хабы құрылады

0
182

14-19 мамырда Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.


Татарстанда құрлықтағы астық хабы құрылады

ERNUR.KZ. Татарстанның премьер-министрі Алексей Песошин мен "Жаңа құрлық астық дәлізі" компаниялар тобының бас директоры Юрий Маневич KazanForum XV халықаралық экономикалық форумы аясында Татарстан аумағында құрлық астық торабын құру туралы келісімге қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

"Келісім Татарстанда қуаттылығы жылына 8 миллион тонна астықты жоғары жылдамдықпен ауыстырып тиеуге арналған мамандандырылған жоғары технологиялық қондырғы құруды көздейді", - делінген хабарламада.

Құрлық астық хабы "Астық+" логистикалық моделін дамыту және үйілмелі жүктерді құрлықтағы теміржол арқылы ауыстырып тиеу технологиясын арттыру шеңберінде Дэн Сяопин халықаралық логистикалық кешенінің жанында орналасады.

Жүк тиелген арнайы астық вагондары жаңа астық торабынан экспорттық бағытта жөнелтілетіні, ал Татарстан кәсіпорындарына арналған жабдықтар мен халық тұтынатын тауарлар сол контейнерлерде кері жөнелтілетіні айтылды.
Татарстанда және Еділ маңы федералды округінің аймақтарында өндірілген астық жаңа құрылған хабтың жүк базасы болып табылады. Негізінен Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Иран және басқа елдерге жеткізіледі. Жылына 200 мың TEU көлеміндегі кері бағытта жеткізілетін жүктер өңірлік көлік-логистикалық орталықтарға жеткізіледі, олармен астық торабы технологиялық байланыс бойынша жұмыс істейді.
14-19 мамырда Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" атты Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің халықаралық экономикалық форумы өтуде.
KazanForum – Ресей мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң. Ресей Федерациясы президентінің жарлығымен форум 2023 жылы федералды мәртебеге ие болды. Ұйымдастыру комитетін Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Марат Хуснуллин басқарады.