Елімізде сот сараптамасының жаңа түрі пайда болмақ

0
255

Құжат жобасы 21 мамырға дейін ашық талқылауда болады.


Елімізде сот сараптамасының жаңа түрі пайда болмақ

ERNUR.KZ. Әділет министрлігі сараптама мамандықтарының тізбесін бекіту туралы бұйрығына өзгерту енгізбекші, деп жазады kaz.inform.kz.


Құжат жобасы 21 мамырға дейін ашық талқылауда болады.

Негіздемеде сот сараптамасының жаңа түрі зияткерлік меншік нысандарына сот сараптамасына тағайындау көбейіп кеткендіктен тізбеге енгізілетіні айтылған.

«Бұған дейін аталмыш сараптамалық зерттеу азық-түлік емес тауарлардың тауарлық сараптамасы аясында жүргізіліп келді. Дегенмен зерттеу нысаны тауарларға емес, оларды сәйкестендіру құралдарының белгілерін адамның қабылдауына байланысты мән-жайлар болып отыр және арнайы тауарларға қатысты жоқ тауарлық зерттеулер саласындағы ғылыми білім болып есептеледі», - делінген негіздемеде.

Сонымен, Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесіне мынандай сараптама түрлері енгізілмек:

- Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы;

- Дараландыру құралдарын ұқсастық тұрғысынан сот-сараптамалық зерттеу.