Қазақстанда жасанды интеллект жөніндегі ведомство құрылады

0
221

ЖИ саласындағы сараптамалық кеңес цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жаңа құрылымының жауапкершілігіне кіреді.


Қазақстанда жасанды интеллект жөніндегі ведомство құрылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту жөніндегі ведомство құрылады, деп жазады sputnik.kz.


Мемлекеттік органның құрылымындағы өзгерістер туралы үкіметтің қаулысы республиканың нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды.

"Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті "республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", - делінген құжатта.
Жаңа құрылым жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады әрі жүргізеді. Жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы құжаттар базасын қалыптастырады, басқа ведомстволардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ сараптамалық кеңес құрады.
Сонымен қатар "геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылады.