​МӘМС: науқастар қолжетімді қызметтерге ақылы көрінуге жолданбаулары тиіс

0
165

Науқастарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тиесілі медициналық көмек түрлері толығымен көрсетілуі тиіс.


​МӘМС: науқастар қолжетімді қызметтерге ақылы көрінуге жолданбаулары тиіс

ERNUR.KZ. МӘМС шеңберінде қолжетімді қызметтерге науқастар ақылы көрінуге жолданбаулары тиіс.

Бұл туралы ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова емханалардың бас дәрігерлері және қызметкерлерімен кездесуде баса айтты.
Науқастарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тиесілі медициналық көмек түрлері толығымен көрсетілуі тиіс. Сұранысқа жиі ие консультативтік-диагностикалық қызметтерге науқас тіркелген емханада күту уақыты ұзап кеткен жағдайда, қосалқы орындаушы мекемеге жолдануы қажет.
Жиында айтылғандай, арыз-шағымдардың басым-көпшілігі медицина қызметкерлері мен пациенттер арасында қарым-қатынастың дұрыс орнатылмауынан орын алады. Әдептілік пен мейірімділік денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. Сол себепті қызмет көрсету барысында әсіресе осы мәселеге назар аударылуы ұсынылды.
Кездесуде сондай-ақ учаскелік дәрігер қабылдауынсыз бейінді мамандардың көмегіне жүгіну оңтайландырғаны айтылды:
- шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;
- шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
- дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;
-тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологқа қабылдау;
- онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда;
- динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша;
- жастар денсаулық орталықтарына жүгіну регламенті жеңілдетілген.
Кездесуде халықты МӘМС жүйесіне тарту, шағымдарды азайту және мониторинг пен пациент құқығын қорғау мәселелері де талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.