Астанада бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында тарихи оқиға болды

0
415

Оқиға Астанада өтіп жатқан құрлықтық жастар біріншілігінде болды.


Астанада бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында тарихи оқиға болды

ERNUR.KZ. Ауғанстандық боксшы 1995 жылдан бері алғаш рет Азия чемпионатының финалына жетті, деп жазады inform.kz.

Оқиға Астанада өтіп жатқан құрлықтық жастар біріншілігінде болды. Жарыста 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында 80 келіге дейінгі салмақ бойынша жартылай финалда жұдырықтасқан Каис Ализада төрешілердің жеке шешімдері бойынша, үндістандық боксшы Сингха Дхруваны 3:2 есебімен жеңді. Финалда Ализада алтын медаль үшін қазақстандық Ерасыл Жақпековпен жекпе-жекке шығады. Ерасыл алдында өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевты 4:1 есебімен жеңген болатын.

Ауғанстанның Азия чемпионатындағы осыған дейінгі жетістігіне келетін болсақ, 1995 жылы ересектер арасындағы жарыста Джавид Аман алтын медаль үшін болашақ Олимпиада чемпионы, қазақстандық Ермахан Ибраимовпен шығып, жеңіліп қалған болатын.