«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Отырарлық жастар қарияларға қолғабыс жасады

0
306

Атқарылған жұмыстар барысында қарияның ауласына қоршаулар орнатылып, ретке келтірілді.


«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Отырарлық жастар қарияларға қолғабыс жасады

Өнегелі ұрпақ» апталығында отырарлық жастар аудандағы қариялардың үйлеріне барып, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында отырарлық жастар аудандағы қариялардың үйлеріне барып, аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Атқарылған жұмыстар барысында қарияның ауласына қоршаулар орнатылып, ретке келтірілді.


Сонымен қатар, шөптер шабылып, үй айналасы күл-қоқыстан тазартылды. Ақсақал ауласын ретке келтіріп, тұрғын үйін әрлеп берген жастар мен еріктілерге ақ батасын берді.


Бүгінде Отырар ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Науқанның әрбір күніне іс-шаралар бекітіліп, үш апта көлемінде көшеттер отырғызылып, абаттандырылуда. Акция басталғалы бері ауданда зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметшілері, жастар, еріктілердің қатысуымен тазалық шаралары қарқынды өтіп жатыр.