НУМЕРОЛОГИЯға СЕНУ КЕРЕК пе?

0
764

Нумеролог - балгер емес, есеп-қисап маманы


НУМЕРОЛОГИЯға СЕНУ КЕРЕК пе?

Адам өмірін сандарсыз елестету қиын. Өйткені тіршілік, уақыт, дүние, ақша — барлығы сандармен өлшенеді. Сондықтан сандар адам өмірінде маңызды орында және нумерология кең қолданыста.

Адам белгілі бір күні, белгілі бір сағатта шыр етіп дүние есігін ашады. Сол күннен бастап біздің сандармен байланысымыз басталады.

Нумерологтың басты жұмысы адамның туған күнін, ай-жылын, аты-жөнін сұраудан бастау алады. Сосын формулалар арқылы есептеулер жүргізіледі. Ол жерде әр санның жауап беретін мағынасы болады. Толық есептеп болғаннан кейін адамның мінезі-тұлғасын зерттеп, барлығын айтып беруге мүмкіндік туады.


Нумерология – нақты ғылым. Қазіргі нумерологтар сандарды компьютерде есептейді. Айтып өткендей, мұның өз формуласы бар. Әрине, кез келген есеп-қисаптың барлығы – ғылым. Нақты ғылым болғандықтан, бұл балгерлік емес.


Туған күндері, жылдары бірдей адамдар бір-біріне ұқсас келеді. Бірақ, мінезіндегі кейбір ерекшеліктері тәрбиесіне де байланысты. Тіпті өмір сүріп отырған ортасы мен географиялық жағдайы да ерекше әсер етеді. Америкада туған адам мен Қазақстанда туған адамның туған күндері бірдей болса да, екеуін даралап тұратын қасиеттері кездеседі. Сонымен қатар, ұқсастықтары да өте көп болуы мүмкін. Тіпті кейбір қабілеттері де ұқсас келеді.


Сандар арқылы белгілі бір жағдайдың алдын алып, түйінін шешуге болады. Нумерологияға жүгінетін адамдардың көпшілігі үй алу, үй сату, бизнес ашу, тәуекел ету не етпеу жолдарын көріп, өздеріне қаржылық кеңес алады. Денсаулығына қатысты мазалаған сұрақтарының жауабын іздейтіндер бар. Мысалы, ота жасауға болмайтын жылдар болады. Жұмыс ауыстыруға қолайлы уақытты білгісі келетіндер көп. Сандар оның да жолын айқындайды.

Нумерология бойынша әр жылдың бастау нүктесі бар. Сол кезде адам жұмысын ауыстырып немесе қандай да бір сала бойынша бағыт алуы керек. Алдағы жылға қадам жасауға қолайлы уақыт болады. Нумерологияда оны «теріс және оң жылдар» деп атайды. Мысалы теріс жылдар түссе, нумеролог маман бірнеше істі қатар істемеуін, соқыр тәуекелге бармауды немесе жаңа жобаға ақша салмауды т.с.с. ескертпелерін айтады.


Ақша шақыратын сандарға келетін болсақ, кез келген адам үшін «8» саны ақша шақырады. Ақшаның берекесіне, орынсыз шашылмауына, тұрақты болуына жауап беретін сан «6». №6 үйде тұрған адамның ақшасы берекелі болады. №8 офистан бизнес ашқанның бизнесі жақсы жүреді, ақша жеңіл келеді. Одан бөлек, «қаржылық код» деген болады. Ол 4 таңбалы саннан тұрады. Мұны да нумеролог есептеп, әр санның мәнісін, оны іске қосу үшін қандай қадамдар жасау керегін тәптіштеп түсіндіріп береді.


Кез келген адам нумерологияны оқып алуы мүмкін. Бірақ, бұл біліммен қоса, бойында логика мен интуиция, аналитикалық ойлау қабілеті жақсы жұмыс істейтін жан ғана мықты маманы бола алады.

Дайындаған: А. КЕРІМБЕК,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

14:41: Осы уақыт көзіңізге жиі түсе ме? Бұл ненің БЕЛГІСІ?