Боррель Еуроодақ Киевті не үшін қолдайтынын айтты

0
261

Оның айтуынша, Ресей Украинаны жеңсе, Еуроодақтың мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келеді.


Боррель Еуроодақ Киевті не үшін қолдайтынын айтты

ERNUR.KZ. Еуропалық Одақ Украинаны украиндарды жақсы көргені үшін емес, өз мүдделері үшін қолдайды, деп мәлімдеді еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель америкалық CNN телеарнасына берген сұхбатында, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, Еуропа елдері Украина қақтығысында Ресейдің жеңіске жетуіне жол бере алмайды. Олай болса, олардың мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келеді.
"Бұл біздің жеке мүддеміз үшін, сондай-ақ одақтастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді серіктес ретінде қабылдануға тиіс АҚШ-тың мүддесіне сай келеді, сондықтан біз АҚШ-ты қосымша бюджетті ашу және бекітуге шақырдық", - деді еуропалық дипломатияның басшысы.
Боррель Еуроодақ Украинаға қару-жарақ жеткізу және қаржыландыруда басты қолдау екенін түсінетінін айтты. Ол АҚШ-тың Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуде "өз мүддесі" бар екенін мәлімдеді.
2023 жылдың күзінен бері АҚШ Конгресі Киевке көмек көрсету туралы келісімге келе алмай келеді. Өкілдер палатасында жобаның қаралуына спикер Майк Джонсон тосқауыл қойып отыр. Конгрессмендер спикерді айналып өтіп дауыс беруді бастау үшін қадамдар жасап жатыр.
20 наурызда Еуроодақ 2027 жылға дейін 50 миллиард еуро көлеміндегі бюджеттік қолдау бағдарламасы бойынша Украинаға 4,5 миллиард еуро көлеміндегі бірінші траншты аударды.
6 ақпанда Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ наурыз айында қордан Украинаға 50 миллиард еуро төлеуді бастауға ниетті екенін айтты. Бір күн бұрын ЕО мен Халықаралық қаржы кооперациясы (ХҚК) Украинаны қалпына келтіруге 500 миллион еуроға инвестиция салу туралы құжатқа қол қойды.