Қырғыз Президенті балмұздақ таситын көлік қаққан 10 баланы Бішкекке жеткізуді тапсырды

0
222

Зардап шеккендер - 9 бен 16 жас аралығындағылар.


Қырғыз Президенті балмұздақ таситын көлік қаққан 10 баланы Бішкекке жеткізуді тапсырды

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Жалал-Абад облысында балмұздақ таситын көлік жапырып өтуі салдарынан қатты зардап шеккен 10 бала Бішкекке арнайы ұшақпен жеткізіледі, деп жазады zakon.kz.

Олардың жағдайы ауыр деп бағаланады. Зардап шеккендер Бішкек қалалық балалар клиникалық жедел медициналық жәрдем ауруханасында болады.

Президент Садыр Жапаров балаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды әрі медициналық мамандарға тәулік бойы бақылау жүргізуін талап етті.

Айта кетсек, 2 мамырда сағат 13:30 шамасында Жалал-Абад облысының Созақ ауданында шағын балмұздақ таситын көлік 29 баланы қағып кетті. Зардап шеккендер - 9 бен 16 жас аралығындағылар. Жүк көлігінің жүргізушісі тұтқындалды. Ер адам аталған шараға демеуші ретінде қатыспақ болғаны белгілі болды. Жеті қорап балмұздақ алып келіп, көлігін тоқтатқан. Көлігінен түскен ол мектеп директорына қоңырау шалып, жағдайды білмек болады. Сол кезде тұрған көлік өз бетімен төменге ылдилай жөнелген.