Бетті ЖАСАРТАТЫН керемет ЖАТТЫҒУ

0
1 183

Бәріміздің де қартайғымыз келмейді ғой. Қарсыласу үшін қолымыздан келгенін бәрін жасаймыз.


Бетті ЖАСАРТАТЫН керемет ЖАТТЫҒУ

фото: seminar-beauty.ru

Адамның жасы ұлғайған сайын беті, қолы, мойны қартаяды. Әжім түсіп, қыртыс пайда болады. Өңі кетіп, солғын тартады. Бұл әрине ешқандай да нәзікжандыға ұнамайтыны анық. Мойындайықшы! Бәріміздің де қартайғымыз келмейді ғой. Қарсыласу үшін қолымыздан келгенін бәрін жасаймыз. Тіпті, сұлулық үшін құрбандыққа барамыз. Хирургиялық ота жасатамыз, ботекс салдырамыз. Осылайша терімізді қинаймыз.

Бірақ, ешқандай қауіпті әрекет етпей-ақ жасаруға, жастықты ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Мұны АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінде жүргізілген зерттеу растады. Зерттеуге өз еркімен қатысқан 40 пен 65 жас аралығындағы әйелдер 20 апта бойы маңдай, ауыз, көз және мойын бұлшық еттеріне жаттығу жасаған. Дерматологтардың айтуынша, бағдарламаны аяқтағаннан кейін қатысушылар орта есеппен үш жасқа жас көрінген екен. Демек, күнделікті жаттығу жасау арқылы да жас көрінуге болады. Ендеше, қандай жаттығу екенін бірге білейік.

Бетке арналған гимнастика

Оны бетке арналған йога десек те болады. Жаттығу жасау арқылы инъекциясыз немесе хирургиялық отасыз бет терісін жақсартуға және жасқа байланысты болатын жайсыздықтардың алдын алуға болады. өздеріңізге мәлім, соңғы бірнеше жылда Батыс елінде бет фитнесінің кең индустриясы дамыды. Бет күтіміне арналған жаттығулар жазылған кітаптардың миллиондаған даналары шығарылды, онлайн курстар және тіпті «бет фитнес залдары» ашылды.

фото: welcomevolunteer.ru

Фейсбилдинг мамандары мұндай жаттығу бет терісін қатайтады, әжімдерді тегістейді, көздің астындағы ісіктер мен қатпарларды жояды, қос иекті кетіреді, өңін жақсартады деп мәлімдейді. Ең бастысы, бұл мүлдем қауіпсіз, жаттығу кезінде ешқандай косметика қолданбайсыз, ота төсегіне жатпайсыз.

Жаттығу барысында бұлшықет тонусын жоғарылайды. Нәтижесінде тері қатайып, бет пен көзде болатын жайсыздықтар жоғалады.

Жаттығуды қалай жасау керек?

Бет гимнастикасы косметика немесе арнайы құрылғыларды қажет етпейді, тек қана айна қажет. Ең бастысы – дұрыс қалып пен тыныс алуды үнемі бақылауда ұстайсыз. Алғашқы елеулі өзгерістер жаттығулардың қарқындылығына байланысты 2-4 аптадан кейін пайда болады.

Нені есте сақтау маңызды:

  • бұлшықеттер мен терінің күйіне байланысты жаттығуларды таңдау үшін міндетті түрде маманмен кеңескен жөн;
  • бетіңізде сызаттар, күйік, бөртпе, ұшық пайда болған кезде, сондай-ақ бет нерві аурулары, бұрын жасалған ота немесе қан қысымы проблемалары болса, онда гимнастикамен айналысуға болмайды;
  • бет жаттығуларын жасау кезінде дұрыс тамақтану, SPF бар ылғалдандыратын кремді қолдану және денені дұрыс ұстау үшін дене жаттығуларын да қоса жасау ұсынылады. Иық пен мойын бұлшықеттерінің салбырауы қан айналымының нашарлауына әкеліп соғады. Ал бұл өз кезегінде терінің күйін нашарлатады және бұлыңғыр түс пен әжімдердің пайда болуына әкеледі.

Жаттығуды бастаймыз...

Маңдайдағы әжімдерге арналған жаттығу

Маңдай бұлшықеттерін босаңсытуға тырысыңыз және қасыңызды көтермеңіз. Алақаныңызды маңдайыңыздың ортасына қойып, қолыңызды оң жаққа жылжытыңыз. Содан кейін екінші қолыңызды маңдайыңызға қойып, қозғалысты қарама-қарсы бағытта қайталаңыз. Қолды ауыстыра отырып, жаттығуды бір минутқа орындаңыз.

Көздің және қастың айналасындағы теріні қатайту үшін жаттығулар жасаңыз

Екі қолдың ортаңғы саусақтарын мұрынның маңдайға түйісетін жерге, ал сұқ саусақтарды көздің сыртқы бұрыштарына жақын қойыңыз. Маңдайыңызды тартпай көзіңізді жоғары көтеріңіз. Содан кейін төменгі қабақтарыңызды баяу тартыңыз. Жаттығу 1-2 секундқа созылуы керек.

Қос иекті кетіруге арналған жаттығу

Төменгі жақ еденге параллель болатындай етіп қолыңызды жұдырықпен түйіп, иегіңізді оған қойыңыз. Ауызды 30 рет күшпен ашып, жабыңыз, содан кейін тістеріңізді баяу жалап, аузыңызды 30 секунд ашық қалдырыңыз.

Қос иек пен мойын терісін қатайтуға арналған жаттығу

Деенңізді босатып, иықтарыңызды жіберіңіз. Иегіңіз төбеге қарайтындай етіп басыңызды артқа шалқайтыңыз. Сіз мойын бұлшықеттерінің босаңсығанын және мойын мен иегіңіздің кернеуін сезінуіңіз керек. Содан кейін «үйрек тұмсығы» жасаңыз – екі ерніңізді алға қарай созыңыз және оларды осы қалыпта 10 секунд ұстаңыз. Жаттығуды 3 рет қайталаңыз.

Беттің сопақшасын қатайтуға арналған жаттығу

Ерніңізді мүмкіндігінше оңға қарай тартыңыз. Сол жақ ұрт созылып, тегістелуі керек, ал оң жақ беті кішірейуі керек. Оң жақ бетіңіздегі әжімдерді болдырмау үшін теріні алақанмен құлаққа қарай созуға болады. Бұл қалыпта 10 секунд тұрыңыз. Жаттығуды 3-5 рет қайталаңыз. Сонан соң ерніңізді солға қарай тартып, жаттығуды қайталаңыз.

Беттің тонусын күшейтуге арналған жаттығу

Аузыңызға ауа толтырып алып, жан-жаққа кезекпен үрлеңіз. Жаттығуды жарты минут жасау керек.

Жаттығуды кімге жасауға болмайды?

Бетке арналған фитнес жыныс немесе жас таңдамайды. Ерте қартаюдың алдын алу үшін 18 жастан асқан кез келген адамға жасауға болады. Ал 25 жастан бастап жаттығуға бет массажын да қосу керек. Дәл осы жастан бастап теріде жасына байланысты алғашқы өзгерістер пайда болады. Нақтырақ айтқанда, терінің серпімділігі жоғалады, майда әжімдер түсіп, бет пен көз ісінеді.

Бірақ барлық адамның денсаулығы бірдей емес. Егер сізде:

  • онкологиялық аурулар;
  • жүрек-тамыр және лимфа жүйесінің аурулары;
  • қанның ұюының нашарлығы;
  • жіті вирустық инфекциялар – жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау, ұшық және қызба;
  • беттегі көптеген папилломалар мен меңдердің (неви) түзілуі;
  • терінің абразиялары немесе кесулері, саңырауқұлақ инфекциялары;
  • жедел синусит және гайморит болса, бетті жасартатын жаттығу жасай алмайсыз.

Жаттығуды жиі орындауға бола ма?

Иә, тез нәтижеге жету үшін жаттығуды жиі орындағымыз келеді. Жоқ. Бұл дұрыс шешім емес. Жаттығу жасауға кіріспес бұрын косметолог-массаж маманымен кеңесуіңіз керек. Әйтпесе сіз қажетті нәтижеге қол жеткізудің орнына, өзіңізге зиян келтіруіңіз мүмкін.


Дереккөз: style.rbc.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Артық САЛМАҚТАН арылтатын супер ЖАТТЫҒУ


БАУЫР ауруына ем болатын ЖАТТЫҒУ