​Ақтауда қарулы топ букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

0
1 022

Кадрге түсіп қалғандай, тапаншамен қаруланған ұрылардың бірі кассадағы қызға қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап еткен.


​Ақтауда қарулы топ букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Тапатал түсте тонауға келген қарақшылар бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп жазады ktk.kz.

Қызығы сол, әлеуметтік желіге тарап кеткен кадрлерді көрген жұрт жағаларын ұстаудың орнына, керісінше, күлкіге қарық болды.

Ал оған себеп - қарулы шабуыл кезінде тәтті ұйқыда жатқан азамат. Букмекерлік кеңсеге бәс тігуге келген ол, тіпті, қарақшылар кассирлерге айқайлап жатқанда да оянған жоқ. Кадрге түсіп қалғандай, тапаншамен қаруланған ұрылардың бірі кассадағы қызға қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап еткен. Қолға түскен олжаны пышақ ұстаған екінші ұры алып кетеді. Ұры келесі кассаға жақындағанда ондағы кассир қарсылық көрсетеді. Қарақшымен алысқан қыз шақырту қоңырауын басып үлгереді. Дабылдың қағылуы сол екен ұрылар із суытқан. Қалың ұйқыдағы кісі сонда да оянбады. Қазіргі кезде үш қарақшы да қамауға алынды. Белгілі болғандай, ұрылар кассадан 130 мың теңге алған, бірақ жаратып үлгермепті.