Ақтөбеде ер адам жылытқыштың салдарынан көз жұмды

0
737

Ақтөбе тұрғыны Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінің гаражында көз жұмды.


Ақтөбеде ер адам жылытқыштың салдарынан көз жұмды

ERNUR.KZ. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады kaz.nur.kz.

Ведомство мәліметінше, 22 қараша күні сағат 00.05-те "102" пультіне Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің біріндегі гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру саласының мамандары қызыл жалынды ауыздықтаған. Сол сәтте төтенше жағдайлар қызметкерлері үй иесінің денесін тапты. Алдын ала болжам бойынша, өрт жылытқыштан шыққан. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды.