Ақтөбеде қарақшыларды қуып келе жатқан полицейлер жол апатына ұшырады

0
343

Полиция көлігі күдіктілер отырған ВАЗ көлігін қуып келе жатып, Nissan көлігімен соқтығысқан.


Ақтөбеде қарақшыларды қуып келе жатқан полицейлер жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді қуған полицейлер жол апатына ұшырады, деп жазады tengrinews.kz.

Жол апаты 9 мамырда болған. Полиция көлігі күдіктілер отырған ВАЗ көлігін қуып келе жатып, Nissan көлігімен соқтығысқан. Бір жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Nissan кері бұрылу кезінде жол ережесін бұзып, төртінші жолаққа ауысқаны айтылды.

"ЖКО дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдіктілер ұсталды", - делінген хабарламада.