Алматы маңында жоғалған 3 жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр

0
286

Іздестіру шарасы барысында жақын маңдағы су қоймасынан суды ағызуға тура келген.


Алматы маңында жоғалған 3 жасар қыз бір айдан бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары тура бір айдан бері жүріп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі мәліметінше, іздестіру шарасы барысында жақын маңдағы су қоймасынан суды ағызуға тура келген. Алайда ол жерден ешқандай із табылмады.

"Безымянный тоғанындағы су 2 метрге дейін төмендетілді, алайда табылдмады. Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті жақын маңдағы Күш ауылындағы жақын Ақши, Қырбалтабай және Балтабай ауылдарының тұрғындарын сұрастырған. Бұл іздестіру жұмыстары да оң нәтиже бермеді. Қыз әлі табылмады", - деді аудан әкімдігі өкілі.

Үш жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткені хабарланды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.