​Алматы орталығындағы гараждар өртеніп жатыр

0
1 032

Оқиға орнына 7 минутта жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен алысып жатыр.


​Алматы орталығындағы гараждар өртеніп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы орталығындағы гараждар отқа оранды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бөгенбай батыр көшесі бойындағы гараждардың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскі 13:25-те келіп түскен.

Оқиға орнына 7 минутта жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен алысып жатыр. Әзірге жалын шарпыған аумақ анықталу үстінде.

Департамент толық ақпаратты кейінірек хабарлайды.