Алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін

0
576

27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен қалдық шығарылды.


Алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда 28-30 наурыз аралығында жаңбыр жауады, деп жазады sputnik.kz.

Коммуналдық қызметтер жауын-шашынға алдын ала дайындалып, арықтарды тазартып жатыр. 27 наурыздағы жағдай бойынша 985 тонна қоқыс пен қалдық шығарылды. Әкімдіктің мәліметінше, барлық арық желісі тазартылған.
"Су тасқынының алдын алу үшін азаматтардан арықтарды, ағынды су арналары мен каналдарға қоқыс тастамауларын сұраймыз. Сонымен қатар, мұндай әрекетке барғандар Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (ӘҚБтК) 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Айта кету керек, аталған Кодекстің 505-бабы бойынша 20 АЕК (2024 жылы бұл 73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Әкімдік жауын-шашын кезеңінде су тасқынының алдын алу үшін мотопомпалармен және суды тереңдету құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді топ кезекшілікте болатынын айтты. 2 мың құм салынған қап дайындалды. Аудан әкімдіктері жұмыс барысын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады.