Астанада ​10 айда 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

0
975

Астанада қаңтар-қазан айларының аралығында 9604 адам жұмысқа орналастырылды.


Астанада ​10 айда 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

Астанада қаңтар-қазан айларының аралығында 9604 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомстваның мәліметінше, жыл басынан жұмыс іздеп жүрген 19904 азамат хабарласқан. Олардың 10250-і жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып, 9604-і жұмысқа орналастырылды.

«Тұрақты жұмыспен – 6340, уақытша жұмыспен – 580, қоғамдық жұмыстармен – 1767, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 181 адам қамтылды. Сондай-ақ, 732 адам жастар тәжірибесі бойынша тағылымдамадан өтсе, 646 адам қысқа мерзімді кәсіптік курстарда білім алып жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдың басынан Астанада жаңадан 20 577 жұмыс орны ашылған.