​ Атырауда науқас адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жықты

0
293

Наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша күдіктінің жеңіл дәрежеде мас болғаны белгілі болған.


​ Атырауда науқас адам жедел жәрдем қызметкерін соққыға жықты

ERNUR.KZ. Атырауда масайған науқас жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастаған, деп жазады ulysmedia.kz.

Атырау облысының полиция департаменті 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып ұсталғанын хабарлайды.

Наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша күдіктінің жеңіл дәрежеде мас болғаны белгілі болған.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Медициналық сараптама тағайындалды.

Осыған ұқсас оқиға биыл жыл басында резонанс туғызған. 26 қаңтардан 27 қаңтарға қараған түні Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан.

Жүргізушінің айтуынша, ол басқаша тұрақ қоя алмайтынын түсіндіруге тырысты, бірақ ер адам түсініктемелерді елемеген.

Бұған дейін сот бұл істі қарауды бастаған болатын. Процесс тікелей эфирде көрсетіледі.