Батыс Қазақстан облысында 18 жолды тасқын су шайып кетті

0
350

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Қобда ауданында трассаны су басуына байланысты Самара-Шымкент жолы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылынан Ақтөбе облысына дейін жабық.


Батыс Қазақстан облысында 18 жолды тасқын су шайып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 28 бағыттағы жол жабылса, соның 18-ін су шайып кеткен. Оның 4-еуі – облыстық, 14-і – жергілікті маңызы бар жол, деп жазады inform.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Қобда ауданында трассаны су басуына байланысты Самара-Шымкент жолы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылынан Ақтөбе облысына дейін жабық.
«Облыста су тасқынына қарсы жедел штаб құрамына полиция қызметкерлері де енгізілді. Тәртіп сақшылары су басқан жерлерде тұрғындарға қол ұшын созуда. Әсіресе, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарында адамдарды құтқару, эвакуациялау және оларды арнайы қосындарға жеткізу, суда қалған малдарды алып шығу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлері эвакуацияланған елді мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісін атқаруда. Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және адамдарды құтқару бойынша жан-жақты шара қолдануда. Жалпы, су тасқынынан қорғау жұмыстарына облыс бойынша 64 полиция қызметкері, 33 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның тағы бір ауданында үйлер су астында қалғанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстан облысында 430-дан астам үйге су кірген.