Беларусь Қазақстанда үш зауыт салады

0
175

Беларусь-Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы аясында Қазақстанда бірнеше кооперациялық жобалар іске асырылатын болады.


Беларусь Қазақстанда үш зауыт салады

ERNUR.KZ. Қазақстанда Беларусь ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін үш зауыт салады. Бұл туралы "АПК Новости" агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Басылым хабарлағандай, техникасына арналған кабиналар шығаратын заманауи зауыт салынады. Ақмола облысында-сепкіштер шығаратын зауыт. Қызылорда облысында тракторлар мен комбайндар өндірісі жолға қойылады.

"Беларусь тарапы кооперация тұрғысынан ынтымақтастық үшін біраз жобалар бар деп санайды. РБ-да агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өсіру және қайта өңдеу бойынша бірқатар жобалар бар, оларға негізгі басымдылық берілген", - деп жазады агенттік.

2023 жылдың күзінде екі елдің премьер-министрлері Қазақстанның Беларусьпен бірлескен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобаларын іске асыруда мықты әлеуетін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық екі елдің экономикасына үлкен әсер ететіні айтылды.