Қазақстан тағы бір қытай автокөлігін құрастыруға көшеді

0
260

Өнеркәсіп министрлігі 2027 жылға қарай шамамен 200 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отыр.


Қазақстан тағы бір қытай автокөлігін құрастыруға көшеді

ERNUR.KZ. Елде құрастырылатын автомобильдер өндірісі Jetour маркасымен толығады. Сондай-ақ чехиялық «Skoda» компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министрдің айтуынша, автокөлік құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне кезең-кезеңімен көшу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

«Автокөлік өндірушілерінің алдында шағын торапты құрастыру (CKD) үлесін 2027 жылға қарай жалпы өндіріс көлемінің 50 пайызына дейін ұлғайту міндеті тұр. Биыл біз шамамен 20%-ға, келесі жылы – 30%, ал 2026 жылы 40%-ға жеткізуіміз қажет. Сонымен қатар, Қостанай мен Алматы қалаларында шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту жобалары пысықталып жатыр», деді Шарлапаев мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Қазір автокөлік орындықтарының өндірісі жұмыс істеп тұр, Қытай автомобильдерін шығаратын көп брендті зауыт салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек көліктерге арналған пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер өндіретін кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспарда бар.

«2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен шамамен 200 мың бірлік автомобиль шығару жоспарлануда. Сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өндіретін автомобильдер желісі 2024 жылы Jetour маркасымен толықтырылады, чехиялық «Skoda» компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді өнеркәсіп министрі.

Сонымен қатар, «Astana Motors» компаниялар тобы өндірістік желіні ұйымдастыру үшін «Changan», «Chery», «Haval» секілді қытайлық танымал брендтерді тартты. Олар 2025 жылы іске қосылмақ.