Қостанай облысында 1600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

0
239

Гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен барлық аудандарға таратылады.


Қостанай облысында 1600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

ERNUR.KZ. Ағымдағы жылғы 17 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай облысына 1688,6 тоннадан астам гуманитарлық көмек түсті.

Жөнелтілген жүктерге 579,2 тонна азық-түлік, 1048,5 тонна тауарлар, соның ішінде төсек-орын жабдықтары, құралдар, қайықтар, генераторлар, киім-кешек және басқа да қажетті заттар, сондай-ақ 60 тонна құрылыс цементі кіреді.

Гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен барлық аудандарға таратылады. Көмек Қазақстанның түрлі өңірлерінен келуде. Мысалы, 15 сәуірде гуманитарлық көмек Шымкент қаласынан келді. Алматылықтар да шетте қалмады. Алматыдан дүнген диаспорасынан, кәсіпкерлерден және бей-жай қарамайтын тұрғындардан көмек келіп түсті. Қырғызстан елі гуманитарлық көмектің үш жүк көлігін жіберді, тағы бір жүк көлігі жолда.
Алдағы күндері Қызылорда облысы мен Астана қаласынан гуманитарлық көмек келеді деп күтілуде.