Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты

0
1 406

Болат Назарбаев 13 қарашада Алматының орталық клиникалық ауруханасында көз жұмған болатын.


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты

ERNUR.KZ. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет», - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресми сайтында.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қарашада Алматының орталық клиникалық ауруханасында өмірден өткен болатын.