Путиннің делегациясы Салтанат көз жұмған күні Bau-ға келмек болған

0
183

Сотта адвокат Жанна Оразбақова сөз алып, "Ресей президентінің делегациясы болатынын біле отырып, сотталушылар Салтанаттың денесін мейрамханадан шығара алмаған" деген пікір білдірді.


Путиннің делегациясы Салтанат көз жұмған күні Bau-ға келмек болған

ERNUR.KZ. Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Бақытажан Байжановтың телефонындағы хаттар оқылып, жазбалар тыңдалды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға күні 9 қарашада Байжанов мейрамханадағы әкімші Қарлығашқа "бүгінгі банкеттерден бас тарту керек" деп жазған. Қарлығаш аудиомен "мен қалай бас тартамын? Бұл Путиннің делегациясы болады" деп жазған.

Байжанов тергеу кезінде жауап алу барысында 9 қарашада Астанаға Ресей президенті Астанада болғанын және оның делегациясы осы күні "Bau" мейрамханасында VIP-кабинаны брондағанын айтып жауап берген.

Сотта адвокат Жанна Оразбақова сөз алып, "Ресей президентінің делегациясы болатынын біле отырып, сотталушылар Салтанаттың денесін мейрамханадан шығара алмаған" деген пікір білдірді.

Алайда судья бұл тек адвокаттың тұжырымы деп ескертті.