Ресей Қазақстан маңында ядролық қаруды қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізеді

0
254

2024 жылдың наурызында Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының "егемендігіне қауіп төнген жағдайда" ядролық қаруды қолдануға дайын екенін растаған еді.


Ресей Қазақстан маңында ядролық қаруды қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізеді

ERNUR.KZ. Ресей Қорғаныс министрлігі өз әскерінің стратегиялық емес ядролық қаруды қолдану дайындығын тексеру үшін Оңтүстік әскери округінде жаттығулар өткізеді, деп жазады stan.kz.

Оңтүстік әскери округіне (ОҚО) Қазақстанмен шекаралас аймақтар да кіреді. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей армиясының бас штабы Оңтүстік әскери округі мен Әскери-теңіз күштерінің зымыран құрамаларының қатысуымен жаттығуларға дайындалып жатыр. Оқу-жаттығудың мақсаты – "стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыру". Осы негізде Ресей әскерилері тактикалық ядролық қаруды дайындау мен қолданудың "тәжірибелік сынақтарын" өткізбекші.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығулар "аумақтық тұтастық пен егемендікті қамтамасыз етумен" байланысты.

"Әскери оқу-жаттығу "батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларына" жауап болады", - делінген хабарламада.

Алайда, нақты мәлімдемелер нені білдіретіні көрсетілмеген.

Ресей Федерациясының Оңтүстік әскери округіне Қазақстанмен шекаралас екі облыс кіреді: Астрахань және Волгоград облыстары. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында, тактикалық ядролық қарулар салыстырмалы түрде қысқа қашықтықтағы және қуатты ядролық оқтұмсықтары бар зымырандар. Олардың стратегиялық ядролық қарудан айырмашылығы, тактикалық қарулар тікелей майдан шебінде, жаудың жеке құрамы мен техникасына қарсы гипотетикалық пайдалануға арналған.

2024 жылдың наурызында Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының "егемендігіне қауіп төнген жағдайда" ядролық қаруды қолдануға дайын екенін растаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Литва президенті Гитанас Науседа поляк әріптесі Анджей Дуданың Польшада НАТО-ның ядролық қаруын орналастыру ниетін қолдаған еді.

Науседа мұндай қадамды "соғысқа шақыру немесе Ресейге қауіп төндіру" емес, "тежеу факторы ретінде әрекет ететін тежеу жүйесінің элементі" деп санайтынын жеткізген болатын.

26 сәуірде Польша мен Литва президенттері Польша-Литва шекарасының Калининград облысы мен Беларусь арасындағы ені 70 шақырым жердегі Сувалки дәлізіндегі екі елдің қарулы күштерінің әскери жаттығуларын бақылаған еді.

Науседа Польша президентін НАТО-ға мүше елдерді әскери шығындарын арттыруға шақырған кезде қолдау білдірген болатын.