Ресейге адыраспан тасымалдағаны үшін 1 миллион рубль айыппұл салынады – ІІМ

0
637

Ресей Федерациясында Қазақстанда адраспан деген атпен белгілі гармала өсімдігіне ақпан айынан бастап тыйым салынған.


Ресейге адыраспан тасымалдағаны үшін 1 миллион рубль айыппұл салынады – ІІМ

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев адраспан үшін қандай жаза қарастырылғанын айтты. Соңғы кездері көршілес Ресейде адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді, деп жазады stan.kz.

Әлекешев онлайн брифинг барысын Ресей Федерациясында Қазақстанда адраспан деген атпен белгілі гармала өсімдігіне ақпан айынан бастап тыйым салынғанын және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

“Оны Ресейге апарған азамат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 1 миллион рубльге (4 миллион теңге) дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген. Аса ірі көлемде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған”, – деді ІІМ ресми өкілі.

Шыңғыс Әлекешев шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жасады.

“Ішкі істер министрлігі шетелге шығуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарын жауапты болуға және баратын елдің заңына бағынуға шақырады. Тыйым салынған заттар тізбесіне енуі мүмкін өсімдіктерді немесе дәрілік заттарды шет мемлекеттердің аумағына тасымалдау кезінде ерекше мұқият болу қажет”, – дейді ол.