Бұл туралы бүгін сотта оның ағасы Айтбек Амангелді мәлім етті.
ERNUR.KZ. Айтбек Амангелді қарындасының денесінің суреттері халыққа тарап кеткенін айтты. Оған Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановты кінәлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Салтанаттың фотоларын ата-анам көрмеу үшін, сотқа жалғыз ғана өтінішімді айттым. Бірақ Ерлан Ғазымжанов кесірінен Салтанаттың денесінің суреттері бүкіл қоғамға тарап кетті», - деді Амангелді.
Ол сондай-ақ Бишімбаевтың анасы өзін заңнан да, эксперттерден де жоғары санайды деді.
«Сонша уақыт өтсе де оның Салтанатты шімірікпей қаралай отырып, бізге рахмет айтқанына таң қаламын. Рахметті соттан кейін айтасыз», - деді Салтанаттың ағасы.