Шығыс Қазақстанда 2 жасар бала суға батып кетті

0
160

Бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалған.


Шығыс Қазақстанда 2 жасар бала суға батып кетті

ERNUR.KZ. 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысында 2 жасар бала суға батып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Садыр көлінде саяжай үйінің ауласында бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап батып кетіпті.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда 112 нөмеріне хабарласу керек.