СІМ өкілі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай туралы айтты

0
326

СІМ өкілі қазақстандықтарды барған елдің заңдарын сақтауға шақырды.


СІМ өкілі Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай туралы айтты

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-Ресей шекарасындағы қазіргі жағдайға қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, министрлік "Крокус Сити Холл" концерт залында болған терактіден кейін шекарада ешқандай проблеманы байқамаған.

"Достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы көп қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады.
Біздің Ресейдегі, Мәскеудегі дипломаттарымыз жергілікті билік, Сыртқы істер министрлігі, шекара қызметімен үнемі байланыста. Біздің азаматтар қандай да бір жаппай ұстауды немесе құжаттарды тексеруді байқамады. Егер азаматтарымыз тоқтатылса немесе құжаттары тексерілсе, бұл қауіпсіздік мақсатында", - деді Смадияров брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

СІМ өкілі қазақстандықтарды барған елдің заңдарын сақтауға шақырды.

"Шекара ашық. Егер азаматтар еркін жүріп, барған елдің заңдары мен ережелерін сақтаса, ешқандай проблемалар туындамайды", - деп қорытындылады Смадияров.