Сингапур президенті Халима Якоб Қазақстанға келді

0
585

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.


Сингапур президенті Халима Якоб Қазақстанға келді

Сингапур Президенті Халима Якобты Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрмет қарауылының бастығы Мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың Әнұрандары орындалды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.