СҚО: полиция қызметкерін қағып кеткен көлік жүргізушісі табылмай жатыр

0
214

Оқиға 28 сәуір күні түнде болған.


СҚО: полиция қызметкерін қағып кеткен көлік жүргізушісі табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Челябі-Новосібір» автожолында белгісіз біреу полиция қызметкерін көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған, деп жазады inform.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 28 сәуір күні түнде болған. Петропавл сыртында полицияның 48 жастағы қызметкерін көлік соғып, салдарынан ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Көлік жүргізушісі жол-көлік апаты болған жерден қашып кеткен. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін СҚО-да жеке күзет құрамаларының көмегімен 6 қылмыстың ашылғандығын жазған едік.