​ Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

0
258

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған.


​ Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Су тасқынына байланысты БҚО-дағы №27 мекеменің орналасқан жері қауіпті аймақ саналып отыр. Осыған байланысты өңірге 150 сотталған азамат эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесіне эвакуациялау жұмысы Ұлттық Ұланның арнайы вагонымен жүзеге асырылған.

"Бүгін №60 мекемеге этаппен келген 150 сотталғанның жеке ісімен мекеменің арнайы бөлім қызметкерлері танысып, келген арнайы контингентті орналастыру, оған медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сотталғандар арасында жанжалдарды, қашуды, топтық бағынбауды, жаппай тәртіпсіздікті, мүлікті бұзуды және өзге төтенше оқиғаларды болдырмау жұмыстары жүргізілуде. Мекеме тарапынан бұл сотталған азаматтарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру жөнінде өтінішхаттар беру мерзімдерінің келгені туралы уақытылы хабардар ету, тиісті материалдарды сотқа жіберу жеңілдіктері кезең-кезеңімен іске асатын болады. Сонымен қатар, өтінішхаттарды соттар мен прокуратура алдында тезірек қарау және шешім қабылдау мәселесі басты қағалауға алынды", - деді №60 мекеме бастығы, подполковник Мақсұт Өтетілеуов.

Этаппен келген сотталған азаматтар мекемеге орналасып, оларға эвакуациялаудың уақытша екендігі және су тасқыны тұрақтанғаннан кейін қайтарылатыны жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілген.