Су тасқынынан кейін 37 мыңнан астам адам өз үйіне оралды – министрлік

0
322

6 817 адам – эвакуациялау пункттерінде.


Су тасқынынан кейін 37 мыңнан астам адам өз үйіне оралды – министрлік

ERNUR.KZ. Жайық өзеніне судың келуіне байланысты Атырау облысы айрықша бақылауда, деп жазады sputnik.kz.



Атырау қаласында Жайық өзені бойында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Дронның көмегімен су тасқыны жағдайына мониторинг жүзеге асырылуда.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.
Республика бойынша 37 324 адам өз үйіне оралды. 6 817 адам – эвакуациялау пункттерінде.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 21 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам түрлі техника, 615 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.
Су тасқыны бастағалы бері 12,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.