"Табытта жатқандай": Ер адамды бесікке бөлеп, тербеткендер жұрттың ашуын тудырды

0
659

Бұл әрекет желі қолданушыларының да ашуын тудырды.


ERNUR.KZ. Журналист, блогер, тележүргізуші Данияр Есен әлеуметтік парақшасына ер адамды бесікке бөлегендердің видеосын жариялады.

"Жаным Қазағым-ау!!! Не болды саған? Қалжыңның да, әзілдің де өз орны бар еді ғой?! Басқа нәрсемен де әзілдесе беруге болатын еді ғой. Бесікте нең бар еді?! Бесік - ең қасиетті, ең киелі дүние емес пе еді?! Қазақ үшін бесіктің орны бөлек!
Ендеше, бесікті қорлайтындай не көрінді басыңа?! Түсінемін, әзіл болсын деген шығарсыздар?! Бірақ, бесікте нең бар еді?! Оның киесінен қорықпадың ба, қазағым?! Миымыз, санамыз тек той болып кетті-ау. Тойдың деңгейінен неге көтеріле алмай жатырмыз?! Ойланайықшы. Бір сәт дамыл тауып, өз-өзімізге есеп берейікші. Жаным Қазағым! Жалғызым!"
- деп жазады журналист.

Видеода туған күні болып жатқан ер адамның жолдастары оған тосын сый ретінде бесікке саламыз дейді. Кейін асаба «Шүмек пен соска қайда?» деп әзілдейді. Ер адамды басына нәрестенің бас киімін кигізіп, бесікке жатқызып бөлеп, тербетеді.


Бұл әрекет желі қолданушыларының да ашуын тудырды.

«Бесік-қазақтың ең қасиетті заты. Мұны мазақ қылғандарға Құдай сана берсін. Жалпы осы ғасыр – қазақ ұлтының азғындау дәуірі болды. Өте өкінішті. Мынандай салт-дәстүр қазақта жоқ еді ғой? Дардай еркекті бесікке жатқызып не көрінді? Бұлай күлкі болғанша, табытқа жата салмай ма? Мына үлкен әйелдерде де ми жоқ екен. Жасына лайық дүние істеу керек қой», - деп жазды видеодағыны сөккен желі қолданушылары.