​«Құран мен музыка бір жүректе бола алмайды»: Әнші Ермек Меденов әпкесінің пікірімен келіспейтінін айтты

0
1 160

«Дінді де, әнді де қатар алып жүргенін қалаймын»


​«Құран мен музыка бір жүректе бола алмайды»: Әнші Ермек Меденов әпкесінің пікірімен келіспейтінін айтты

Кезінде «Кешью» тобында өнеи көреткен әнші Айдана Меденованың інісі, белгілі саксофоншы, әнші Ермек Меденов «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында әпкесінің діни көзқарасымен келіспейтінін айтты.


«Айдана қазір басқа бағытта жүр ғой. Бірақ, түбі әнге қайта келетін сияқты. Дінде «ән айтуға рұқсат жоқ» деп айтпаған шығар, білмеймін. Орамалын шешпей-ақ әнін айтып жүре беруге болады. Ондайды көріп те жүрміз ғой, апайларымыз әнін айтып жүр, намазын да оқиды. Ешқандай жамандық жасап жатқан жоқ.


Мен ондайға қарсымын. Әр адамның өз шешімі ғой енді. Бірақ мен дінді де, әнді де тастамаса деп ойлаймын. Айдана – талантты қыз. Кішкентайынан қаншама байқауларға қатысып, жілігін шағып, майын ішіп қойған. Шешеміз сондай кісі еді. Айдана сол кісіге тартқан. Істеу керек пе, істейді, жеңу керек пе, жеңеді. Енді сондай адамның өнерді тастап кете салуын өз басым қабылдай алмадым», - деді Ермек Меденов.


Айта кетейік, әнші Айдана Меденова намаз оқып, орамал таққан соң әншіліктен біржола бас тартқанын мәлімдеген болатын. «Ән айтуды тастадым. Өмір бойы ғашық болған ісім менің көңілімді қалдырды. Исламды тани бастаған сайын, Алланың сөздерін оқыған сайын көп нәрсеге басқаша қарай бастаймыз. Біз жәй өмірде көп дүниеге мән бермейміз, байқамаймыз. Бірақ бізді Алладан алыстататын заттардан ақырындап бас тартуымыз керек. Бір жүректе Құран мен музыка өмір сүре алмайды» деп осы уақытқа дейін жаздырған әндерінің бәрін өшіріп тастайтынын мәлімдеген еді өнер иесі.