ШЫМКЕНТ: қала әкімі француздың әншісімен кездесті

0
115

Джо Дассин - әйгілі француз әншісі және композиторы


ШЫМКЕНТ: қала әкімі француздың әншісімен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның аты аңызға айналған американ-француз әншісі Джо Дассиннің ұлы Джонатон Дассинмен кездесті.


Ол өзінің шығармашылығымен Қазақстанға бірнеше рет келген. Ал, Шымкентке бірінші келуі. Өнер жұлдызын әкім қабылдап, әңгімелесті. Әдемі әңгіме барысында үшінші мегаполисте концерт те ұйымдастыру мүмкіндігі де айтылды.

Джо Дассин - әйгілі француз әншісі және композиторы, оның әндері 1970-80 жылдары, әсіресе Кеңес Одағында керемет танымал болды. Оның қоңыр дауысына көрермендер өте ғашық болған. 70-ші жылдардың соңында Дассин әлемге әйгілі әншіге айналды.
Бір ерекшелігі, ол өзінің алғашқы шығармашылық қадамдарын халық әндерін орындаудан бастаған. Кейін 60-жылдары ол репертуарын өзгерткен. Джо Дассин өзінің әндерін сирек жазды, бірақ «Гуантанамера» әні халықтың әлі есінде.
Енді оның баласы Джонатон Дассин үш музыкалық аспапта ойнайтын, жеңіл фольклорлық және джаз элементтері бар шығармаларды орындап, әкесінің жолын жалғастырған әнші ретінде танымал.


Бөлісу