Шымкентте 27 жаңа базалық станция орнату жоспарлануда

0
206


Шымкентте 27 жаңа базалық станция орнату жоспарлануда

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков “Beeline Қазақстан” компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадинмен кездесті.

Кездесу барысында қала аумағындағы байланыс пен интернет сапасын жақсарту жолдарын талқылады.

“Beeline Қазақстан” басшылығы байланыс проблемалары туындаған орындарды азайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Өткен жылы компания қалада байланыс сапасын жақсарту мақсатында 1,1 млрд. теңгенің қаражатын инвестициялаған. Биыл модернизация жұмыстарына 3,3 млрд. теңге бағытталады. Бірінші жартыжылдықта 70 станция жаңғыртылады, сондай-ақ 27 жаңа базалық станция орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, кездесу барысында гүлзарларда, саябақтарда және халық көп шоғырланатын басқа да орындарда тегін интернет нүктелерін орнату мүмкіндігін талқылады.