«ЖАС МАМАН-2024»: Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

0
376

Жұмыс ұсынушы мекемелер де жас түлектің еңбекке деген ынтасы мен білімін байқап, кеңірек диалог құрды.


«ЖАС МАМАН-2024»: Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында оқу орнын бітіруші курс студенттеріне арналған «ЖАС МАМАН -2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Әл-Фараби және Тұран ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман – 2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда студенттер мен жұмыс берушілер бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алды.
Университетте өтіп жатқан осындай іс-шаралар бітіруші түлектердің тұрақты жұмысқа орналасуына оң ықпалын тигізетіні анық. Жәрмеңке барысында бітіруші жас маман жұмыс беруші тараппен тікелей және бетпе-бет жолығып, өзі туралы айтып, өзі қалаған мамандық туралы толықтай ақпарат ала алды. Және де, жәрмеңкеге келген бітіруші студенттер жұмыс беруші мекеменің қоятын талаптарымен танысып, мамандығының қыр-сырына үңілді. Болашақ өмірін бағдарлады.
Осы ретте, жұмыс ұсынушы мекемелер де жас түлектің еңбекке деген ынтасы мен білімін байқап, кеңірек диалог құру арқылы олармен әңгімелесу жүргізді.
Енді студенттер нақты жұмысқа орналасуға қалай дайындалатынын және өндірісте тәжірибеге дайын екендігін көрсетеді.
Басты мақсат - түлектеріміздің жұмысқа орналасуына ықпал ету, бос жұмыс орындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және еңбек нарығындағы мәселелер туралы мәлімет беру болып табылады.
Мансап орталығы мен бітіруші түлектер арасында өзара тиімді еңбек қатынастарын орнатуға, сондай-ақ оларға қолдау білдіруді меңзейді. Жәрмеңкеге келуші студенттер сұранысқа ие құзыреттіліктер жайлы, бос жұмыс орындары туралы және өзге де пайдалы ақпаратқа қанық болды.
Мұндай жәрмеңкелер қолына диплом алып еңбек әлеміне қадам басқан жас маманға да, жас мамандардың күші мен қуатын, жаңашыл идеяларын қажет ететін мекемелерге де тиім болары белгілі. Жәрмеңкенің мақсаты - осы екі қажеттілікті бірге үйлестіріп, шешімін табу болмақ.