Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды

0
333

Соңғы бәсекеде Жібек Құламбаева – Жасмин Гимбрере доданың 2-ракеткалары, аустралиялық Кайла Макфи – ресейлік Ксения Зайцевадан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.


Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Хаммамет (Тунис) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп жазады baq.kz.



Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева – нидерландылық Жасмин Гимбрере барлығы төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Соның ішінде жартылай финалда эквадорлық Мария Фернанда Эрасо Гонсалес — алжирлік Инес Иббуді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы бәсекеде Жібек Құламбаева – Жасмин Гимбрере доданың 2-ракеткалары, аустралиялық Кайла Макфи – ресейлік Ксения Зайцевадан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.