КИВИден жасалған МАСКА СОЛҒЫН ТЕРІні жарқыратады

0
626

Теріңіздің "сола бастағанын" байқасаңыз, кивиден маска жасаңыз


КИВИден жасалған МАСКА  СОЛҒЫН ТЕРІні жарқыратады

фото:fashioninsider.ru

Киви жемісін «сұлулық жемісі» деп текке айтпаса керек. Осыдан он-он бес шақты жыл бұрын киви жемісі біздің елге аса танымал емес-тұғын. Ал қазір барлығы да қолжетімді және қонақ шақыра қалсақ, дастарханымызға алма, жүзім секілді жергілікті өнімдермен бірге қоямыз.

Осы киви жемісінің қышқылтым әрі тәтті дәмі тіпті балалардың да сүйікті асына айналып үлгерді.


Кивидің адам ағзасына пайдасы

Негізі кивидің отаны – Қытай. Бұл жемістің адам ағзасына пайдасы көп. Себебі, киви- дәрімендер мен минералдарға бай керемет жеміс.

Шынында, кивидің құрамында С дәрумені апельсинге қарағанда бірнеше есе көп. Сонымен қатар, кивидің құрамында К мен Е витамині, фолий қышқылы, калий, литеин, целлюлоза, магний және фосфор секілді ағза үшін аса керекті қоректік заттар бар.
Сонымен қатар киви жемісі -прибиотик.

Яғни оның құрамындағы заттар ішектегі пайдалы бактериялардың жұмысын жақсартуға көмектеседі. Олардың көбеюі мен дамуын жеңілдетеді. Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартудың өте тиімді жолы.

* Тыныс алу жүйесінің олқылықтарын түзетуге әсері бар

* Қан тамырлары мен жүрек бұлшық еттерін нығайтуда және атеросклероздан сақтануда көмек береді

* Қаны қою, жоғары қан қысымына бейім адамдар күніне 1 дана кивиді тұтынса, денсаулығы түзеледі

Ал мұның себебі мынада – киви қан ұйығыштығын азайтады, онда көптеген қан сұйылтатын дәрілерде болатын, ағзаға жанама әсері жоқ заттар бар. Сондай-ақ жеміс қандағы триглицерид деңгейін 15%-ға дейін төмендетуге көмектеседі.

Кивидің басқа да артықшылықтарына келетін болсақ, ол іш қатудың алдын алады, ас қорыту жүйесін жақсартады. Бұдан бөлек, суық тиюге қарсы тамаша профилактика болып табылады. Бұл оның құрамындағы В12, С және К дәрумендерінің, мырыш, иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін басқа да қоректік заттардың көп болуымен байланысты.

фото: asiancosmo.com


Сұлулыққа пайдасы
Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керектігі белгілі. Десе де, бет күтімі үшін ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Осы орайда киви жемісі бет күтіміне арналған қоспаларды дайындауға көмектеседі.


Нәрлендіретін маска
1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.


Ылғалдандыратын маска
2 ас қасық киви жұмсағын 1 шай қасық зәйтүн майы және 2 шай қасық сүзбемен араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 10 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң көк шаймен мақтаны сулап, масканы тазартыңыз. 5 минуттан соң бетті мұзбен сүртіңіз.


Жасартатын маска

2 ас қасық киви езбесін 1 ас қасық алма езбесі және 1 ас қасық қою кілегеймен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бетті мұзбен немесе салқын, газсыз минералды сумен жуыңыз. Бетіңіз өздігінен кепкенінше күтіңіз, сүлгімен сүртудің қажеті жоқ.


Ағартатын маска
2 ас қасық киви езбесін 1 шай қасық картоп крахмалы мен ½ шай қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып, ылғалдандырушы иісмай жағыңыз.


Солғын теріні қалыпқа келтіретін маска
2 ас қасық киви жұмсағына 1 жұмыртқа ағы мен ½ шай қасық зәйтүн майын қосып, араластырыңыз. Масканы бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы түймедақ қайнатпасымен жуып тастаңыз.
Егер күнде бетіңізді кивимен сүртіп тұрсаңыз, тері түсі жақсарады. Ал шашты өсіру үшін киви шырынын басқа жағып, 30 минуттан соң жуып тастаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Көктемде СЕПКІЛ көбейеді, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?



Еріңізді ЕЛІКТІРЕДІ: әйелді тартымды ете түсетін 6 түрлі хош иіс