ТҮРКІСТАН: І тоқсанда тұтынушыларға 21 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

0
307

Тұтынушы құқығын және «Сауда қызметін реттеу» туралы Заңының бұзған кәсіпкерлерге 228 904 теңге айыппұл салынды.


ТҮРКІСТАН: І тоқсанда тұтынушыларға 21 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 436 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 2024 жылдың І тоқсанында 436 өтініш келіп түскен. Оның 106-і жазбаша, 136-сы жедел желі арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 194 өтініш. Тұтынушы құқығын және «Сауда қызметін реттеу» туралы Заңының бұзған кәсіпкерлерге 228 904 теңге айыппұл салынды. Нәтижесінде облыс тұрғындарына 21 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.


Өтініштердің көпшілігі бөлшек сауда саласында. Жалпы алғанда, өңір тұрғындарын бөлшек саудада сапасыз тауарлар сатып алу кезінде туындайтын мәселелер, тауарды айырбастау және қайтару мәселелері, тұрмыстық қызметтерді сапасыз ұсыну, жиһаз дайындау және жөндеу бойынша қызметтерді сапасыз көрсету мәселелері көбірек алаңдатады. Мысалы бір тұтынушы 10 990 мың теңгені «JAC js4 intelligent» сапасыз автокөлігі үшін ақшаны қайтарғысы келсе, ал басқа тұтынушы 3700 теңге тұратын сапасыз ойыншық үшін ақшаны қайтарғысы келеді. Департамент халықтың шағымдарын мұқият талдайды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді.


Жалпы өтініштердің 90% астам қанағаттандырылды. Тұтынушылардың өтініштері негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне 32 әкімшілік іс-қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды және ескертулер берілді.


Департамент тарапынан халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында үш айда 44 ақпараттық-түсіндіру сипатындағы іс-шара өткізілді. Оның ішінде тікелей эфирлер, теледидарда сөз сөйлеу, жұртшылықтың қатысуымен дөңгелек үстелдер, және т. б. Департамент www.instagram.com/dtzpp_turkestan/ және Facebook әлеуметтік парақшаларын белсенді жүргізуде, онда сәйкесінше 474 ақпараттық және түсіндіру сипатындағы материал орналастырылды.


Тұтынушылардың құқығын бұзудың алдын алу мақсатында төмендегі кеңестер ұсынылады:

– тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік мерзімі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты мұқият зерделеу;

– сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты талап етуге;

– сатушының байланыс деректері және тауарды айырбастау/қайтару шарттары туралы ақпарат берілмеген күмәнді интернет-ресурстарда тауарға тапсырыстарды жүзеге асырмауға;

– тұтынушылар құқығының бұзылу фактісін дәлелдеу үшін фото-және бейнетіркеу жүргізу.


Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.