ТҮРКІСТАН: Сайрамда су арналарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді

0
202

Нәтижесінде негізгі жоспарланған ұзындығы 2,5 шақырым су арналарының 1,7 шақырым аумағы шөп-шаламнан, тұнбалардан, қоқыс шөгінділерінен арылып, су өткізу қабілеті жақсарды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда су арналарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді

Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округі аумағындағы су арналарына тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округі аумағындағы су арналарына тазалық жұмыстары жүргізілді. Акция барысында «Қамысарық» және «Сай» арналары арнайы техниканың көмегімен механикалық тазалаудан өткізді. Нәтижесінде негізгі жоспарланған ұзындығы 2,5 шақырым су арналарының 1,7 шақырым аумағы шөп-шаламнан, тұнбалардан, қоқыс шөгінділерінен арылып, су өткізу қабілеті жақсарды.


Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша жалпы 53 канал бар. Ұзындығы 362,5 шақырым болатын 47 канал Сайрам ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесіне, ұзындығы 50,3 шақырымды құрайтын 6-ауы жекеменшік мекемелер теңгеріміне тиесілі. Маусым айының соңына дейін ұзындығы 80 шақырым су арналарын «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан механикалық тазалаудан өткізу жоспарланған. Бүгінде оның 50 шақырымы тазартылды. Бұл атқарылған жұмыстар көктемгі су беру маусымында өз септігін тигізіп, егістікке жіберілетін ағын су шығынын азайтуға айтарлықтай үлес қосты.