Түркістанда бірнеше нысан пайдалануға беріледі

0
183

«Сельмаг» су жинау ғимаратын қайта құру бойынша да жұмыс жүріп жатыр.


Түркістанда бірнеше нысан пайдалануға беріледі

Түркістанда бірқатар нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында бірқатар нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы нысандарды аралады. Тәуке хан даңғылында орналасқан құрылыс алаңдарында болды. Алдымен Түркістан қаласындағы “Мәдениет үйі” ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Жаңа нысан биыл аяқталады деп күтілуде.


«Сельмаг» су жинау ғимаратын қайта құру бойынша да жұмыс жүріп жатыр. Жобаның құны – 1 651,8 млн теңге. Жобадағы 4 дана су ұңғымалары жарамсыз күйде екендігі анықталған. Осыған орай, арнайы мекемелер тарапынан барлау жұмыстары атқарылып, су қорын анықтап, 4 дана ұңғыма қазылды. Қазіргі таңда су қоймасының бетон құю, электр жүйелерін қосу, кірпішін қалау, қоршау жұмыстары жүргізілуде. Осы жоба арқылы шаһардың жүздеген тұрғыны сапалы суға қол жеткізбек.


Киелі шаһарда Жастар ресурстық орталығының құрылысы да қарқынды. Жаңа ғимарат құрылысы маусым айында аяқталады деп жоспарланған. Жаңа нысанда демалыс аймағы, электронды кітапхана бөлмесі болады. 80 адамға арналған көпфункционалды зал мен заманауи тренажерлармен жабдықталған шағын спортзал, үйірмеге арналған залдар да қарастырылған.


Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен мердігерлерге жұмысты адал, сапалы әрі уақтылы атқару жөнінде тапсырма берді. Сондай -ақ жастарға арналған орталықты қажетті құрылғылармен толық жабдықтауды жүктеді. Құрылыс жұмыстары бақылауда.