Түркістанда республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

0
230

Конференцияның мақсаты – креативті ойлау қабілеті дамыған құзіретті тұлғаны қалыптастыру.


Түркістанда республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Түркістанда «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК мен Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференцияның мақсаты – уақыт талабына сәйкес ғылым және білім жетістіктерін қолдана алатын креативті ойлау қабілеті дамыған құзіретті тұлғаны қалыптастыру. Сондай-ақ оқушылардың зерттеу қызметін талқылау, тәжірибе алмасу алаңын ұсыну, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінің зерттеу қызметін талқылау, тәжірибе алмасу алаңын ұсыну, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінің зерттеу жүргізуге деген ынтасын көтеру және білім берудің өзекті мәселелерін талқылау.


Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен әлемнің 190 елінде және аумағында жұмыс істейтін БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті қолдау көрсетті.


Жиынға Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, п.ғ.д., академик Асқарбек Қабікенұлы Құсайынов, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Литисия Баззи Вейл, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің өкілі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қонақова Клара Өмірзаққызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инженерлік және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры Темірбаев Әмірхан Әділханұлы және ғылым саласының өкілдері арнайы қатысты.