Түркістанда Ясауи хикметтерін жатқа айтудан сайыс өтті

0
543

Сайысқа қатысушылар жалпы саны 60 хикметті жатқа айтумен қатар хикметтің мағынасын ашуы қажет.


Түркістанда Ясауи хикметтерін жатқа айтудан сайыс өтті

Түркістан қаласында Ясауи хикметтерін жатқа айтудан сайыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Ясауи хикметтерін жатқа айтудан сайыс өтті. Жарыстың ерекшелігі – студенттермен қатар мектеп оқушылары да өз бақтарын сынады. Сайысқа қатысушылар жалпы саны 60 хикметті жатқа айтумен қатар хикметтің мағынасын ашуы қажет.


Қазылар алқасының құрамында философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, тарих ғылымдарының кандидаты, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директор орынбасары Мұрат Тастанбеков, филология ғылымдарының кандидаты Бақыт Әпжеп, Теология факультеті деканының орынбасары, PhD Бауыржан Сайфунов сынды ғалымдар болды.


Жарыс нәтижесі бойынша оқушылар арасынан бас жүлдені - 9 сынып оқушысы Кәусар Рахман жеңіп алды. Жеңімпазға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Түрік квотасы берілді. Яғни, Кәусар Рахман мектепті аяқтаған соң оқу ордасында тегін оқуға мүмкіндік алды. Ал 2 орынды - Хантемір Оразбек, 3 орынды - Несібелі Қасым иемденді. Студенттер арасынан 1 орынды - Салихабану Хавасханова 2 орынды - Хасан Мәулен, 3 орынды - Нұрсат Әшен алды.