«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Сайрамда 11 мыңнан аса ағаш әктелді

0
279

4 мыңнан аса адам белсене атсалысты.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Сайрамда 11 мыңнан аса ағаш әктелді

Сайрамда «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, білім, мәдениет саласы қызметкерлерінен бөлек, ауыл тұрғындары жалпы 4 мыңнан аса адам белсене атсалысты.


Ауқымды тазалық шарасы аясында мекеме аулаларына гүл көшеттері егіліп, жол жиектері шөп-шаламнан, қоқыс қалдықтарынан тазаланды. Аудан аумағындағы 11 241 ағаштың түбі әктеліп, 637 көше бойлары тазартылды. Сондай-ақ 57 аялдама ретке келтіріліп, 334 үйдің қасбетіне сырлау жұмыстары жүргізілді.


Аудан аумағындағы сенбілік шарасы барысында 91 техниканың жұмылдырылуымен 12,6 тонна қоқыс шығарылды.