«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Сайрамда абаттандыру жұмыстары жүргізілді

0
201

Алдағы күндерде де айналаны жасыл желекпен жайқалту жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табады.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Сайрамда абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Сайрамдықтар абаттандыру жұмыстарына қарқынды үлес қосуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында барша мекемелер мен ауылдық округ аумақтары абаттандыру жұмыстарына қарқынды үлес қосуда. Апталық шеңберінде ағаш және гүл көшеттерін егу, жол жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстары жүргізілді.


Бұдан бөлек, мектеп және балабақша аулаларында 200 түп қарағаш, 30 түп раушан, 100 түп гүлсафсар, 500 түп қырмызыгүл, 500 түп түймедақ, 200 түп хризантема гүлі, 10 түп бөртегүл, 500 түп қоңыраугүл гүл және 50 түп құлпынай көшеттері егілді.


Жалпы абаттандыру жұмыстарына барлық саладағы мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары, ауыл белсенділері және ерікті жастар жұмыла атсалысты. Алдағы күндерде де айналаны жасыл желекпен жайқалту жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табады.