«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Төлебиде аулаларды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

0
256

Қазіргі таңда көше бойларында шөптерді ору, көшет егу, Ленгір қаласындағы орталық алаңға, көше бойларына маусымдық гүлдерді отырғызу жұмысы жүргізілуде.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Төлебиде аулаларды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Төлеби ауданында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар басталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Осыған орай, Түркістан облысы Төлеби ауданында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар басталып кетті.


Қазіргі таңда көше бойларында шөптерді ору, көшет егу, Ленгір қаласындағы орталық алаңға, көше бойларына маусымдық гүлдерді отырғызу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Ленгір қаласында, Зертас және Киелітас ауылдық округтерінде орталық көше бойында шөп ору, орылған шөптер мен бұталарды, сыпырылған үйінділерді шығару жұмыстары атқарылып жатыр.